«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ Заңы (2026.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

9. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, төлем ұйымы төлем агенті мен қосалқы төлем агентінің міндеттемелері бойынша клиент алдында көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну жөніндегі агенттік шарттар жасасқан төлем агентімен және қосалқы төлем агентімен ортақ жауаптылықта болады.

 

15-бап. Төлем ұйымын құру

1. Төлем ұйымы ретінде тіркелмеген заңды тұлғаның өзі атауында «төлем ұйымы» деген сөздерді, оның көрсетілетін төлем қызметтерін көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруын көздейтін, одан туындайтын сөздерді пайдалануға құқығы жоқ.

2. Төлем ұйымы өзінің филиалдарын, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерде ашуға құқылы.

Төлем ұйымы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен өздерінің филиалдарын ашу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар етеді.

3. Төлем ұйымы бухгалтерлік есеп және есептілікті Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізеді.

 

2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды

15-1-бап. Төлем ұйымының жарғылық капиталын қалыптастыру

1. Төлем ұйымы жарғылық капиталының ең төмен мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді және төлем ұйымы есептік тіркеуден өту үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өтініш жасағанға дейін қалыптастырылады.

2. Төлем ұйымының жарғылық капиталы тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшамен қалыптастырылады.

 

16-бап. Төлем ұйымын есептік тіркеу

1. Төлем ұйымдарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеу олардың қызметін реттеу мен бақылау мақсатында жүзеге асырылады және төлем ұйымының көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуы кезінде міндетті шарт болып табылады. Төлем ұйымының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өтпей жүзеге асыратын көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну бойынша қызметі заңсыз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Төлем ұйымы есептік тіркеуден өту үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мыналарды ұсынады:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайтын нысан бойынша, оның ішінде атқарушы органның басшысы (мүшелері) туралы мəліметтерді (дипломның (дипломдардың) жəне Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сəйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелерін қоса бере отырып) қамтитын өтініш;

2) жарғылық капиталдың қалыптастырылғанын растайтын құжаттардың көшірмелері;

3) жарғы;

4) төлем ұйымының көрсетілетін төлем қызметтері бойынша ақша аударымын жүзеге асыратын тиісті банкпен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен өзара іс-қимыл жасау тəртібін айқындайтын құжат;

5) штатта ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді əкімшілендіруге жауапты құрылымдық бөлімше басшысының жəне комплаенс-бақылау қызметі басшысының немесе комплаенс-бақылау жүргізу жүктелетін өзге де адамның бар екенін (жұмысқа қабылданғанын) растайтын мəліметтер мен құжаттар;

6) төлем ұйымдары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидалары;

7) төлем ұйымының басқару органы бекіткен төлем ұйымының қызметін жүзеге асыру қағидалары.

Төлем ұйымының қызметін жүзеге асыру қағидаларының міндетті шарттарының тізбесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем ұйымының есептік тіркеуден өтуге арналған өтінішін осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттардың толық тізбесін ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем ұйымы есептік тіркеуден өткен кезінде төлем ұйымына тіркеу нөмірін береді, төлем ұйымдарының тізіліміне жазбаны жүзеге асырады, төлем ұйымына тіркеу нөмірін көрсете отырып, есептік тіркеуден өткені туралы жазбаша нысандағы хабарламаны осы баптың 3-тармағындабелгіленген мерзімде жібереді.

Есептік тіркеуден бас тартылған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем ұйымына бас тарту себептерін көрсете отырып, есептік тіркеуден бас тарту туралы жазбаша нысандағы хабарламаны осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімде жібереді.

5. Есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдарының тізілімі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылады.

6. Төлем ұйымы өзінің тіркеу нөмірін төлем ұйымы туралы ақпаратты ұсыну кезінде көрсетуге міндетті.

7. Төлем ұйымы есептік тіркеу жүргізуіне негіз болған құжаттарға енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы осы өзгерістер енгізілгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлайды.

2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды

8. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган жасайтын, Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген шет мемлекетте (аумақта) тіркелген заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдар төлем ұйымдарының жарғылық капиталына қатысу үлестерін тікелей немесе жанама түрде иелене және (немесе) пайдалана алмайды және (немесе) оларға билік ете алмайды.

Төлем ұйымының жарғылық капиталына қатысу үлестерін жанама иелену не жарғылық капиталына қатысу үлестерін иелену (дауыс беру) төлем ұйымына қатысушының заңды тұлғасының шешімдерін басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін (акцияларын) иелену (дауыс беру) арқылы айқындауға мүмкіндік береді.

 

17-бап. Төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тартуға негіздер

1. Төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тарту:

1) осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарда көрсетілуге тиіс мәліметтер толық және (немесе) анық ұсынылмаған;

2) құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаған немесе құжаттар осы Заңның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келмеген;

3) егер төлем ұйымы атқарушы органының басшысы осы Заңның 19-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) егер төлем ұйымы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап бір жыл ішінде есептік тіркеуден өту туралы өтініш бермеген жағдайларда жүргізіледі.

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда, заңды тұлға төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тартуға алып келген себептер жойылған кезде есептік тіркеуге қайта өтініш беруге немесе өзінің атауын өзгерту не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға құқылы.

Төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тартуға алып келген себептердің жойылмауы көрсетілген өтінішті қайта қараудан бас тартуға негіз болып табылады.

 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қайта берілген өтінішті он жұмыс күні ішінде қарайды.

 

18-бап. Төлем ұйымдарының тізілімінен алып тастауға негіздер

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Төлем ұйымы:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне көрсетілетін төлем қызметтері туралы мəліметтерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет) ұсынбаған;

2) төлем ұйымын есептік тіркеу туралы шешім қабылдауға əсер ететін көрсетілетін төлем қызметтері туралы анық емес мəліметтерді не осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарда көрсетілуге тиіс анық емес мəліметтерді ұсынған;

3) Қазақстан Республикасының төлемдер жəне төлем жүйелері туралы жəне (немесе) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет) бұзған;

4) төлем ұйымдарының тізіліміне енгізілген төлем ұйымы қатарынан күнтізбелік алты ай бойы төлем қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асырмаған;

5) осы Заңның 17-бабы 1-тармағының 3) жəне 4) тармақшаларында көзделген мəн-жайлар анықталған;

6) төлем ұйымының қызметін тоқтату туралы сот актісі заңды күшіне енген;

7) төлем ұйымы қызметінің тоқтатылғаны туралы мəліметтер Бизнес-сəйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген;

8) төлем ұйымы қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) немесе тарату арқылы өзінің қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайларда төлем ұйымдарының тізілімінен шығарылады. Бұл ретте төлем ұйымы төлем ұйымдарының тізілімінен шығару туралы өтініш бергенге дейін өзінің барлық міндеттемелерін орындайды. Өтінішке бір мезгілде барлық міндеттемелердің орындалғанын растау туралы хат қоса беріледі;

9) төлем ұйымы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тарапынан тексеру жүргізуге кедергі келтірген не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нұсқамаларын орындамаған;

10) төлем қызметтерін көрсетуден бас тарту көрсетілетін төлем қызметтерін алушылардың мүдделеріне нұқсан келтіруге ықпал ететін жағдайларды қоспағанда, мұндай бас тарту болғанда төлем ұйымының өтініші келіп түскен;

11) осы Заңның талаптарына сəйкес төлем ұйымдары үшін тыйым салынған қызметті жүзеге асырған жағдайларда, төлем ұйымдарының тізілімінен шығарылады.

2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Төлем ұйымдарының тізілімінен алып тасталған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алып тасталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бұл туралы ақпаратты төлем ұйымын жазбаша хабардар етеді және өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

Хабарлама төлем ұйымының орналасқан жері не есептік тіркеуден өтуге арналған өтініште көрсетілген мекенжай бойынша жіберіледі.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем ұйымын төлем ұйымдарының тізілімінен алып тастау туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем ұйымын төлем ұйымдарының тізілімінен алып тастау туралы шешіміне шағым жасау бұл шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды.

4. Төлем ұйымына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзін төлем ұйымдарының тізілімінен алып тастау туралы жазбаша хабарламасын алғаннан кейін көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуға тыйым салынады.

5. Төлем ұйымдарының тізілімінен алып тасталған жағдайда, төлем ұйымы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем ұйымдарының тізілімінен алып тастау туралы хабардар еткен кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде атауында «төлем ұйымы» деген сөздер болған кезде оны өзгерту не төлем ұйымын қайта ұйымдастыру не тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.

 

19-бап. Төлем ұйымының атқарушы органының басшысына қойылатын талаптар

1. Төлем ұйымының атқарушы органы басшысының жоғары білімі болуға тиіс.

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Мынадай:

1) банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім, қаржы ұйымын таратуға жəне (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, оны лицензиядан айыру туралы шешім қабылданғанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында айқындалған тəртіппен қаржы ұйымын мəжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған;

2) төлем ұйымы осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 9) жəне 11) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша төлем ұйымдары тізілімінен шығарылғанға дейін бес жылдан аспайтын кезеңде осы төлем ұйымының не заңды күшіне енген сот актісінің негізінде таратылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен банкрот деп танылған төлем ұйымының бұрын атқарушы органының басшысы, төлем ұйымының құрылтайшысы немесе құрылтайшы заңды тұлғасының бірінші басшысы, төлем ұйымының ірі қатысушысы не ірі қатысушы заңды тұлғасының бірінші басшысы болған;

3) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар адамды төлем ұйымының атқарушы органының басшысы етіп сайлауға немесе тағайындауға тыйым салынады.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, егер:

1) адам осы баптың талаптарына сай келмесе;

2) төлем ұйымы төлем ұйымының атқарушы органының басшысы туралы анық емес мәліметтер не жалған құжаттар берсе, төлем ұйымы атқарушы органының басшысын ауыстыру туралы нұсқама шығарады.

2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес, терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіндегі, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіндегі адамды төлем ұйымы атқарушы органының басшысы етіп сайлауға немесе тағайындауға тыйым салынады.

 

2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 19-1-баппен толықтырылды; 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 19-1-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19-1-бап. Төлем ұйымының құрылтайшылары мен қатысушылары

Мыналарды:

1) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы не қаржы ұйымының, банк жəне (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару жəне қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар адамдарды;

2) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сəйкес терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіндегі, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіндегі;

3) уəкілетті орган банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен қаржы ұйымын мəжбүрлеп тарату туралы немесе оны банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мəжбүрлеп тоқтату туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары болған;

4) осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 9) жəне 11) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша төлем ұйымдарының тізілімінен шығарылғанға дейін бес жылдан аспайтын кезеңде төлем ұйымының не заңды күшіне енген сот актісінің негізінде таратылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен банкрот деп танылған төлем ұйымының құрылтайшысы немесе құрылтайшы заңды тұлғасының бірінші басшысы, ірі қатысушы заңды тұлғасының ірі қатысушысы не бірінші басшысы жəне (немесе) басқару органының басшысы, атқарушы органының басшысы болған;

5) тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін, офшор аймақтарда тіркелген, тұрғылықты жері немесе тұрған жері бар адамдарды қоспағанда, жеке, заңды тұлғалар жəне заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдар төлем ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары) (құрылтайшыларының, қатысушыларының бірі) болып табылады.

 

20-бап. Төлем ұйымын қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру)

1. Төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімімен төлем ұйымдары акционерлерінің (қатысушыларының) шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

2. Төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне келісуге:

1) төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім;

2) төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастырудың ықтимал шарттарын, нысандарын, тәртібін және мерзімдерін сипаттайтын құжаттар;

3) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) қайта ұйымдастырылатын төлем ұйымдарының атқарушы органдарының басшылары қол қойған біріктіру (қосу) туралы шарт;

5) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудиторлық есепті;

6) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

7) төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған қызметті жүзеге асыру қағидалары ұсынылады.

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы баптың 2-тармағында көрсетілген, ұсынылған құжаттарды қарайды және олар ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы жазбаша түрде хабарлама жібереді.

4. Қайта ұйымдастырылатын төлем ұйымдары ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында тиісті хабарландыруды жариялау арқылы өздерінің барлық клиенттеріне және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге жүргізілетін қайта ұйымдастыру туралы хабарлауға міндетті.

5. Ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған төлем ұйымын есептік тіркеу осы Заңның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.

6. Қайта ұйымдастырылған төлем ұйымдарын тізілімнен алып тастау ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған төлем ұйымы төлем ұйымдарының тізіліміне енгізілген күні бір мезгілде жүзеге асырылады.

7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:

1) егер ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған төлем ұйымының атқарушы органының басшысы осы Заңның 19-бабының талаптарына сай келмейтін;

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) егер төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыру көрсетілетін төлем қызметтері нарығына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға кедергі келтіретін, сондай-ақ көрсетілетін төлем қызметтерін алушылардың мүдделеріне зиян келтіретін жағдайларда, төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға келісім беруден бас тартады.

 

 

4-тарау. ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАДАҒАЛАУ (ОВЕРСАЙТ),

КӨРСЕТІЛЕТІН ТӨЛЕМ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҚЫЛАУ

 

21-бап. Төлем жүйелерін реттеу және оларды қадағалау (оверсайт)

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төлем жүйелерін реттеу мақсатында:

1) төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру тәртібін айқындайды;

2) Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;

3) маңызды төлем жүйелері өлшемшарттарының көрсеткіштерін бекітеді;

4) төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.

2. Төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:

1) жүйелік маңызы бар төлем жүйелерінің мониторингін жүзеге асырады;

2) жүйелік маңызы бар, маңызды төлем жүйелерінің жұмыс істеуін халықаралық стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан талдауды және бағалауды, оның ішінде төлем жүйесіне қатысушы маңызды клиенттердің төлем жүйелерінің жұмысына әсерін талдауды жүзеге асырады;

3) бағалы қағаздармен және шетел валютасымен операциялардың нәтижелері бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын талдауды жүзеге асырады;

4) операторлардан, операциялық орталықтардан және төлем жүйелеріне қатысушылардан төлемдер және (немесе) ақша аударымдары, төлем жүйелерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша ақпарат, оның ішінде жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйелері арқылы жүргізілген, көрсетілген төлем жүйелеріне қатысушы маңызды клиенттер жүзеге асырған төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының көлемдері жөніндегі мәліметтер алады;

2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) жүйелік маңызы бар және маңызды төлем жүйелері операторларының және (немесе) операциялық орталықтарының, оның ішінде олармен жасалған шарт бойынша төлем жүйесінің жұмыс істеуі үшін қызметтер көрсетуге уәкілеттік берілген кез келген өзге де тұлғаның қызметіне «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеру жүргізеді;

6) жүйелік маңызы бар төлем жүйелеріне қатысушылардың ұйымдастыру шараларына және жүйелік маңызы бар төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды орындауын байқауды жүзеге асырады;

7) жүйелік маңызы бар, маңызды және өзге төлем жүйелерінің тізілімдерін жүргізеді және өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

3. Төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мемлекеттік органдармен, төлем жүйелері операторларымен және оларға қатысушылармен және Қазақстан Республикасының өзге де қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүйелік маңызы бар, маңызды төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне бағалау жүргізген кезде шет мемлекеттердің төлем жүйелерінде орталық банктермен және өзге де қадағалау (оверсайт) органдарымен, халықаралық ұйымдармен, оның ішінде ынтымақтастық туралы келісімдер (шарттар, меморандумдар) жасасу арқылы ынтымақтастық жасайды.

 

22-бап. Жүйелік маңызы бар төлем жүйелерінің мониторингі, жүйелік маңызы бар, маңызды төлем жүйелерінің жұмыс істеуін талдау және бағалау